Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
3D моделі

Әулие Мәтенқожа кесенесі

Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылынан оңтүстікке қарай 18 км, Қаракөл ауылынан шығысқа қарай 10 км қашықтықта.

Координаттары: N 48°46'20.5" E 53°01'31.8"

Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Қазіргі кесене 1993 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Қаракөл ауылынан шығысқа қарай 10 км немесе Тасшағыл ауылынан оңтүстікке қарай 18 км жерде Мәтен қожа әулие жерленген жерде салынған. Кесене ақ ұлу тастан салынған, металл қоршаумен қоршалған.

Қазір бұл ескерткіш адамдар арасында табынып құлшылық ететін орнынға айналды.

Мәтенқожа Әулие (1711-1802) Қожа руынан дәрігер және дін қайраткері болған. Қазақтар арасында әулие ретінде құрметке ие. Жерленгеннен кейін, қабірдің жанында ауруды емдеудің керемет күші бар майлы бұлақ ашылды. Бұл майлы бұлақ 50 жыл бойы ол емделушілерге өзінің керемет емін берді, содан кейін кеуіп қалды.

Қабір басындағы құлпытасты 2014 жылы Алматы қаласының ғалымдары А. Муминов пен А. Нұрманова оқыған. Құлпытаста "Қожа Мәтен ибн Қожа Төлек 1802 жылы 63 жасында қайтыс болған, белгі қойған Айна Қожа Қылышқожауғлының немересі" деп жазылған. Тастың төменгі жағында арқар бейнеленген.

Осылайша, ол 1711 жылы емес, 1739 жылы дүниеге келгені анықталды. Қабір басындағы құлпытастағы жазуда, ол адамдарды маймен емдегені айтылған.

Шағын кесенеге араб жазуы бар, құлпытас бекітіліп қойылған. Құлпытастың ерекшелігі бетін қара май басқан, бірақ қолға жұқпайды. Намаз оқығаннан кейін келушілер әдетте тасқа бетін немесе ауру жерін тигізеді. Кесенеден сәл ары қарай, "Атаның майы" құдығы орнына апаратын соқпақ жол бар. Сол жерден барлығы емдік майды алып, оны ауру жерлерге немесе жараларға жағып емделіп, кейіннен жазылып шығады. Май қара қоңыр түсті.

XII-XIII ғасырларда біздің өлкемізде пайда болған ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпағы. Мәтен қожа өзінің жерлестері арасында кедейлерге және үйсіздерге әрдайым көмектесіп, науқастарды емдеумен танымал болды, соның ішінде оның психикалық ауруларды емдеудегі шеберлігі ерекше атауға болды.

Мәтен кожа мазарының жанында келушілерге арналған екі үй салынды. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресейдің шекаралас облыстарынан көптеген адамдар келеді.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.156-157;

2. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. !47;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы:Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.-42 бет;

4. Кипиев М.К. Мәтен қожа Ата туралы. - Қызылқоға, 16 тамыз, 2003.