Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының “VISIT ATYRAU” туристік ақпарат орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орталықтың қысқаша сипаттамасы:
“VISIT ATYRAU” туристік ақпарат орталығы – Атырау облысының туристік әлеуетін дамыту және халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында құрылған коммерциялық емес мекеме. Бұл орталық туристік индустрияны жандандыруға, ішкі және халықаралық туристерді тартуға, сондай-ақ аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған ұйым.
Орталықтың мақсаты:
1. Атырау облысының туристік және инвестициялық әлеуеті туралы кешенді ақпаратты қалыптастыру және тарату;
2. Ішкі туризмді дамыту және аймаққа келетін шетелдік туристер санын арттыру;
3. Шетелдік және ішкі туристерді тарту үшін инновациялық тәсілдерді қолдану;
4. Туристік өнімді халықаралық және ішкі нарықтарда ілгерілету арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5. Креативті идеяларды қолдау және туризм саласында жаңа әрі ерекше нысандарды құру;
6. Атырау облысында жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына қолдау көрсету және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Орталықтың қызметінің мәні:
Мекеменің басты міндеті – Атырау облысында туристік саланы дамытуға арналған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Орталық өз қызметі арқылы аймақтың туристік әлеуетін тиімді пайдалануды, халықаралық стандарттарға сәйкес туристік өнімді ұсынуды және оның тартымдылығын арттыруды мақсат етеді.
Орталықтың негізгі міндеттері:
• Туризм саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және дамыту;
• Атырау облысының тарихи-мәдени және табиғи мұраларын сақтау және насихаттау;
• Туристік инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• Халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысу арқылы аймақтың туристік әлеуетін таныту;
• Туризм индустриясындағы жаңа технологиялар мен трендтерді енгізу;
• Туризмді насихаттау мақсатында жарнамалық-имидждік іс-шаралар ұйымдастыру.
Құқықтық мәртебесі:
Орталық заңды тұлға мәртебесіне ие және коммерциялық емес мекеме болып табылады. Мекеме Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 мамырдағы №119 қаулысымен құрылған.
Қызметінің ерекшелігі:
“VISIT ATYRAU” туристік ақпарат орталығы Атырау облысының туристік саласын дамытуға кешенді түрде қарап, заманауи трендтер мен технологияларды қолдана отырып, аймақты халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.